28 қазанда елімізде жаңбыр жауады және күшті жел соғады

28 қазанда Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, өңірлерде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады, жел күшейіп, тұман түседі.

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарында екпіні 15-20 метрге жететін жел соғады, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді, Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Нұр-Сұлтанда оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің секундына 15-20 метрге күшейетініне байланысты ескерту жарияланды.