ҚР Жоғары сот кеңесі 30-ға жуық судьяны қызметінен босатуды ұйғарды. Ведомство аппараты баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы Жоғары сот кеңесінің кадр мәселесі талқыланған кезекті отырысында айтылды.
Отырыста зейнет жасына жеткен екі судьяның қызмет ету мерзімін ұзарту және Жоғарғы сот судьясы лауазымының бос орнына үміткерлер ұсыну мәселесі қаралды. Бос жұмыс орны конкурсына қатысуға 49 адам өтініш берген. Олардың 35-і соңғы сынға дейін жеті. Үміткерлерге қалыпты бағалау процедураларынан бөлек, тұңғыш рет қосымша бағалау құралдары қолданылды. Соның ішінде әріптестері мен жұртшылықтың пікірі сұралды. Кандидаттар туралы 500-ден астам пікір мен хат келіп түскен. Судьялар қауымдастығының, заңгерлер қоғамдастығының, азаматтық қоғам өкілдерінің пікірі ескерілді.
Жоғары сот кеңесі отырысында 7 судьяның шағымы қаралды. Олар өздерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарған Сот жюриінің ісіне арызданған. Кеңес мүшелері Сот жюриінің шешімі негізді деген ортақ тұжырымға келді. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған судьялардың біреуі ескерту алды, қалған алтауы сот істерін қарау кезінде заңды өрескел бұзғаны және судья әдебіне қайшы қылық жасағаны үшін қызметінен босатуға ұсынылды.
Кеңес тағы 23 судьяны қызметінен босатуды ұсынды. Олардың 13-і отставкаға, біреуі зейнетке шығады, төртеуі басқа соттарға ауысады. Төрт судья өз еркімен жұмыстан шықпақшы, тағы біреуі басқа қызметке ауысуына лауазымынан босатуды өтінген.