Қасым-Жомарт Тоқаев судьяларды іріктеуді қатаңдатуды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовты қабылдады. Фото: Akorda.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талғат Донақов Мемлекет басшысына Жоғары Сот Кеңесінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы мен судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету және судьяларды іріктеу тетігін қатаңдатуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу қажет екенін айтты.