Жобаның мақсаты — интернет-журналистика бойынша балама білім беру жүйесін дамыту. Жоба медианарықтың заманауи талаптары мен сөз бостандығының халықаралық қағидаттарын ескеріп, контентті мүмкіндігінше жеңіл әрі оңтайлы дайындауды үйретуді көздейді.
Қатысушылар 3 айда білім алып шығады. Жоба медиа саласына жаңадан келген мамандар мен білікті болғысы келетін журналистерге арналған. Жобаға Нұр-Сұлтаннан басқа өңірлердің журналистері қатыса алады.
Жоба екі блоктан тұрады: вебинар форматында оқыту және вебинарлардың нәтижесі бойынша ұзақмерзімді білім беру веб-платформасын құру. Вебинар сабақтар қазіргі заман журналистикасының барлық саласын қамтиды.
Жоба жетекшісі Игорь Братцевтің айтуынша, вебинарды қазақ және орыс тілдерінде 140 адам оқиды деп жоспарланып отыр.
Вебинарлар тренинг форматында өтеді. Қатысушы практика тапсырмаларын толық орындауы қажет. Үй тапсырмасын да орындап, тренерге жібереді. Ал ол әр жауапқа баға қойып, пікір білдіреді. Вебинарлар аптасына екі рет қазақ тілінде және екі рет орыс тілінде кешкі уақытта өтеді. Әр вебинардың ұзақтығы — 1-1,5 сағат, — деді Игорь Братцев.
Жоба тренерлері кімдер?
Қазақша оқытатын тренерлер:
- Есей Жеңісұлы — Ұлттық аударма бюросының редакторы;
- Жұлдыз Әбділда — журналист;
- Назгүл Қожабек — аудармашы, медиатренер;
- Елнұр Әлімова — «Жас алаш» газетінің тілшісі;
- Думан Смақов — Factcheck.kz сайтының бас редакторы, MediaNet журналистика орталығының қазақша жобаларының жетекшісі;
- Қасым Аманжол — «Азаттық» радиосының бас продюсері;
- Аян Ғиззатов — SDU журналистика мектебінің фотожурналистика пәнінің мұғалімі;
- Талшын Тоқыжанова — подкастер;
- Баубек Сағындықов — Factcheck.kz сайтының қоғаммен байланыс бойынша редакторы;
- Асхат Еркімбай — «Мінбер» журналистерді қолдау қоры жанындағы жаңа медиатехнологияларды зерттеу жобасының жетекшісі;
- Жансерік Тілеухан — Factcheck.kz сайтының журналисі;
- Молдияр Ергебеков — масс-медиа және кино зерттеушісі.
Орысша оқытатын тренерлер:
- Әділ Жәлелов — халықаралық MediaNet журналистика орталығы мен Factcheck.kz сайтының жетекшісі;
- Сергей Домнин — «Эксперт-Казахстан» іскерлік журналының бас редакторы;
- Павел Банников — FactCheck.kz сайтының бас редакторы;
- Юрий Дорохов — Kursiv.kz сайтының әлеуметтік жобалар бойынша директоры;
- Татьяна Трубачева — Forbes Kazakhstan бас редакторының орынбасары;
- Игорь Братцев — MediaNet журналистика орталығының сарапшысы, жоба жетекшісі;
- Ольга Диденко — InterNews Kazakhstan заңгері;
- Дмитрий Шишкин- журналист, PR маманы;
- Нұрболат Тілеуов — SMM маманы.
Жобаға қалай қатысуға болады?
Қатысушы әлеуметтік желідегі парақшасына «ONLINE MediaSchool-да не үшін оқығым келеді?» тақырыбында ұзақтығы 1 минуттан аспайтын видеоны немесе 500 символдан кем емес жазбаны #ONLINEMediaSchool2019 хештегімен жариялауы керек.
Қатысушыларға қойылатын талап:
- медиада жұмыс істеуге ынталы;
- 18 жастан асқан;
- аптасына екі рет вебинар тыңдауға мүмкіндігі бар (вебинар уақытында компьютері интернетке қосылуы және вебинарға арналған арнайы бағдарламалар болуы керек);
- тренерлердің тапсырмасын уақтылы орындай алатын болуы қажет.
Қатысушылар 2019 жылдың 15 қарашасына дейін іріктеледі. Қазақ тіліндегі онлайн курс 19 қарашада, орыс тіліндегісі 20 қарашада басталып, 3 айға жалғасады.
Басқа да ақпаратты жобаны ұйымдастырушы Думан Смақовтан алуға болады. Байланыс мәліметі: 8 702 629 2866, [email protected].