Концерт пен көрме Қарттар күніне орай өтті. Түрксіб ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, концерт бағдарламасына «Поющие сердца» ардагерлер қоры мен домбырашылар ансамблі қатысты.
Концерт бағдарламасын құрлық әскери институтының оркестрі ашты. Депутат Михаил Грачев пен байкер Дмитрий Петрухин ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне азық-түлік жиынтығы мен гүл тапсырды. Ал көрмеге қатысқан қарияларға ақшалай сыйақы берілді.
Қатысушыларды мерекемен Ресей консулының өкілі, мәслихат депутаты Михаил Грачев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалия Байғутдинова мен байкер Дмитрий Петрухин құттықтады.
