Қарттар күніне орай Әуезов ауданында мерекелік шара өтті

Қарттар күніне орай Алматының Әуезов ауданында қарттар айлығы ұйымдастырылған. Айлық аясында аудан әкімдігі аудан қарияларына арнап №116 жалпы білім беретін мектепте мерекелік кеш ұйымдастырды.

Әуезов ауданының баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты шараның қонақтарын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бәтима Ыбыраева мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Мұндай шараларды ардагерлер мен жалғызбасты зейнеткерлерге көмек беру, қариялардың мәдени және спорт шараларына қатысуына жағдай жасау мақсатында өткізіп жатырмыз. Шара жастарды рухани және патриоттық тұрғыда тәрбилеуге бағытталған, — деді Бәтима Ыбыраева.

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Жаңбыр Керімқұлов пен еңбек майданына қатысушы Надежда Непомилуева ұйымдастырушылар мен оқушыларға алғыс білдірді.