Құрманғазы оркестрі Қарттар күніне орай ардагерлермен кездесті

Бұл туралы Құрманғазы оркестрінің Instagram-парақшасында жазылды.

Үлкенге құрмет көрсету қазақ мәдениетінің айнымас бөлігі. Шараға өмірінің көп бөлігін оркестрмен байланыстырған алды 60-ты алқымдаған ағаларымыз бен 91 жастан асқан Раушан Нүрпейісова ардегерлеріміз және оркестр ұжымы қатысты, — деп жазылған Instagram-парақшада.

Ардагерлер оркестр тарихынан сыр шертіп, Құрманғазы оркестрінің киелі қара шаңырақ екенін атап өтті. Кездесу соңында оркестр директоры Қуанышбек Жанболатұлы ұжым атынан барша қатысқан ардагерлерге алғыс айтты.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да