Сейсенбіде Қазақстан өңірлерінде жел күшейеді

Қазанның 29-ында Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын жауады, жел күшейіп, тұман түседі.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының мәліметінше, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, өңірлердің кей жерінде жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында тұман түседі.

Нұр-Сұлтанда жел екпінінің секундына 15-20 метрге дейін күшейетініне байланысты ескерту жарияланды.