Роза Рымбаева репертуарындағы белгілі әндер

28 қазан - эстрада әншісі, педагог, Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаеваның туған күні. "Орталық Азия бұлбұлы", "Қазақ примадоннасы", "Қазақстанның алтын дауысы" атанған әнші 62 жасқа толды. Baribar.kz Роза Рымбаева репертуарындағы белгілі әндерді топтастырды.

«Ана туралы баллада»

Әні Жақсыгелді Сейіловтікі, сөзі Аманжол Шамкеновтікі. Роза Рымбаеваның алғаш орындаған әндерінің бірі. Әннің өзін ең әуелі Люция Төлешова орындады. Бүгінде оны Маржан Арапбаева, Алтынай Жорабаева, Мөлдір Әуелбекова сияқты әншілер айтып жүр.

Роза Рымбаева-Ана туралы баллада

«Әлия»

Композитор Сейдолла Бәйтереков ақын Бәкір Тәжібаевтың өлеңіне 1975 жылы ән жазды. Оны әуелі студент әндерінің конкурсында Нағима Есқалиева айтқан. Ал үлкен сахнада «Әлия» Роза Рымбаеваның орындауында кеңінен танылды. Ол 1977 жылы композицияны «Алтын Орфей» байқауында шырқап, Гран-При иеленді. Кейін Кеңес Одағы телекөрерменінің дауыс беруімен ән «Песня-1977» фестивалінің финалында орындалды.

Роза Рымбаева - Алия

«Любовь настала»

1979 жылы Орталық телевизия Алматыда «Алма-Ата встречает друзей» телебағдарламасын түсірді. Хабардың музыка редакторы Наталья Гречищева Роза Рымбаева Раймонд Паулстың Роберт Рождественскийдің сөзіне жазылған «Любовь настала» әнін айтуды ұсынады. 20-дан енді асқан қыз кешігіп жеткен махаббат туралы әнді жан-тәнімен сезініп орындады.

Роза Рымбаева "Любовь настала" Песня года - 1979

Роза Рымбаева сахнада 44 жыл бойы ән айтып келеді. Ол қазақ эстрадасының осы уақыт ішіндегі кәсіби дамуында өзінің үлкен шығармашылық жолын қалыптастырды, орындаушылық өнерді биік деңгейге жеткізді, шәкірт тәрбиелеп келеді. Назарларыңызға халық артисінің репертуарындағы басқа да танымал әндерді ұсынамыз. 

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Фото: Gakku.kz

«Атамекен»

Әні: Жанбота Тұяқбаев, сөзі: Шөмішбай Сариев.

Роза Рымбаева - «Атамекен» (Әні: Е. Хасанғалиев, сөзі: Қ. Мырза Әлі)

«Цвети, земля моя»

Әні: Павел Ермишев, сөзі: Михаил Суворов.

Роза Рымбаева - Моя земля

«Гавань моей любви»

Әні мен сөзі: Талғат Сарыбаев

Розы Рымбаева - Гавань Моей Любви.mpg

«Құс жолы»

Әні: Төлеген Мұхамеджанов, сөзі: Ұлықбек Есдәулет.

Роза Рымбаева-Құс жолы

«Өткен күндер»

Әні: Талғат Сарыбаев, сөзі: Ибрагим Исаев.

Роза Рымбаева, ВИА "Арай" (1986) - "Өткен күндер"

«Куә бол»

Әні: Нұрғиса Тілендиев, сөзі: Тұманбай Молдағалиев.

Роза Рымбаева - Куә Бол (1999)

«Шақырады көктем»

Әні: Әсет Бейсеуов, сөзі: Тұманбай Молдағалиев.

Роза Рымбаева - Шақырады көктем (2000 ж."Тамаша")

«Наурыз думан»

Әні: Талғат Сарыбаев, сөзі: Мұқағали Мақатаев.

Роза Рымбаева-Наурыз думан

«Жаңбырлы түн»

Әні: Сейдолла Бәйтереков, сөзі: Даму Долдаұлы.

Роза Рымбаева-Жаңбырлы түн

«Әдемі-ау»

Әні: Ескендір Хасанғалиев, сөзі: Бәкір Тәжібаев.

Роза Рымбаева-Әдемі ау

«Тентегім»

Әні: Б. Боранов, сөзі: Иран Ғайып.

Роза Рымбаева-Тентегім

«Түркістан»

Әні: Сейдолла Бәйтереков, сөзі: Серік Тұрғынбеков.

Роза Рымбаева - Түркістан (мұрағат)

«Ертеңіме сенемін»

Әні: Еркен Ынтықбаев, сөзі: Иран Ғайып.

Роза Рымбаева-Ертеңіме сенемін

«Нұр бейнең»

Әні мен сөзі: Бейбіт Оралұлы.

Роза Рымбаева-Нұрбейнең

«Қазақ елі»

Әні: Еркен Ынтықбаев, сөзі: Шөмішбай Сариев.

Роза Рымбаева-Қазақ елі

«Заман-ай»

Әні: Төлеген Мұхамеджанов, сөзі: Ұлықбек Есдәулет.

Роза Рымбаева - Заман ай

«Аққу»

Әні: Бақытжан Қажымұқанов, сөзі: Әсия Сәдуақасова.

Роза Рымбаева - Акку (официальный видео клип)

«Сенімен біргемін»

Әні: Талғат Сарыбаев, сөзі: Иран Ғайып.

Роза Рымбаева-Сенімен біргемін

«Балдәурен»

Әні: Еркін Слетдинов, сөзі: Шөмішбай Сариев.

Роза Рымбаева - Балдәурен (Юбилейный концерт "40 лет на сцене")

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!