Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Президент 106 жастағы дикторға «Құрмет» орденін табыстады

Фото: Abai.kz

Не болды?

Бүгін президент БАҚ өкілдерін кәсіби мерекеге орай Ақордада қабылдады. Салтанатты жиында 106 жастағы ардагер диктор Зұлқия Жұматқа «Құрмет» ордені табысталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ресми жиында мемлекет басшысы медиа саласының үздік өкілдерін мемлекеттік наградамен марапаттау туралы жарлыққа қол қойғанын хабарлады.

Президенттің айтуынша, марапатталған жандардың қатарында ақпарат саласында көп жыл қызмет еткен ардагерлер де бар.

Отандық телевизияның алғашқы кәсіби маманының бірі, қазақ тіліндегі тұңғыш эфирді жүргізген ардагер диктор Зұлқия Жұматтың журналистикаға қосқан үлесі ерекше. Осыған байланысты 106 жасқа толған Зұлқия Мұқанқызын «Құрмет» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бүгінде медианың дамуына еңбек сіңіріп жүрген Ертай Ашықбаев, Татьяна Корецкая, Қайрат Мұсақұлов, Қымбат Досжан сынды тәжірибелі журналистер де жас буынға үлгі болып келеді, – дейді Тоқаев.

Зұлқия Жұмат — 1920 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1958 жылы Алматы телестудиясы ашылған кезде жарияланған конкурсқа қатысып, 750 үміткердің арасынан іріктеліп, қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы атанды. Зұлқия Мұқанқызы ұлттық телеарнада 1958 жылдан 1970 жылға дейін қызмет етіп, қазақ телевизиясының қалыптасуына елеулі үлес қосты.

Контекст

Естеріңізге салайық, президент БАҚ өкілдерінің ресми жиынында биылдан бастап өңірдегі журналистер де баспаналы болатынын айтты.

Мақалаға реакция