Материалдың демеушісі – Kcell. «Кселл» АҚ – ұялы байланыс қызметтерін, қысқа хабарламаларды жолдау, мультимедиалық хабарлама алмасу, деректерді тарату, соның ішінде интернетке кіру қызметтерін ұсынатын компания.

1991-1994

Аңыздардың пайда болуы

Тәуелсіздік алғаннан кейін сана-сезім ғана емес, музыка индустриясы да түрлі толқынды өткеріп, жүйелі дамып отырды.

Өткен дәуірдің жұлдыздары

Дос Мұқасан тобы

Кеңес заманынан бері танымал болған жарық жұлдыздар 90-жылдары да Қазақстан эстрадасын дамыта түсті. Олардың қатарында Роза Рымбаева, Нағима Есқалива сияқты соло-артистер, «Дос-Мұқасан», «Яшлық» тәрізді музыкалық топтар болды. Өнерпаздар отандық кәсіби музыканың іргетасын қалады. Еуропа мен Азияға гастрольдік сапарларға шығып, халықаралық аренада қазақстандық музыканың танымалдығын арттырды.

Құндылықтардың жаңғыруы

Үркер тобы

90-жылдардың басында көп артист шығармашылығын фольклорлық музыкамен, қазақтың ұлттық ән-күйлерімен байланыстырып, оларға жаңа өң берді. Сахнаға 1994 жылы келген URKER тобы алғашқылардың бірі болып шығармашылығында патриотизмді насихаттады, мәдени құндылықтардың жаңғыруына үлес қосты.

Алғашқы хиттер

А-Студио тобы90-жылдардың басында ерекше танымал болған топ — «А-студио». Телеарналар мен радиостанцияларда, клубтар пен үйлерде «Джулия», «Солдат любви», «Нелюбимая» әндері үздіксіз қосылып тұратын. Олар кейіннен қазақстандық классикаға айналды.

Сол кездері Карина Абдуллина мен Болат Сыздықовтың дуэті — «Мюзикола» тобы да пайда болды. Олардың «Девочка в платьице белом» әні Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де кең танымал болды.

Вектор — поп

Кирилл Ли90-жылдардың басында кеңес заманы мен Ресейдің эстрадасы қазақстандық музыканың дамуына ықпал етті. «Ласковый май», «НА-НА», «Руки вверх» тәрізді топтардың пайда болуы поп-музыканың Қазақстанда да басым бағыттың бірі болуына әсер етті.

Қазақстанда 90-жылдардың алғашқы жартысында Парвиз Назаров, Кирилл Ли, Рахат Тұрлыханов, Дильназ Ахмадиева және «Дуэт L» қыздар тобы сияқты поп-артистер бірден танымал бола бастады. Музыканттар мыңдаған қазақстандықтың кумирі болып, 2010-жылдардың соңына дейін поп-музыканы культке айналдарды.

«Азия Дауысы» және «Жас Қанат»

"Азия Дауысы", "Жас Қанат"90-жылдардың басында алғашқы халықаралық «Азия Дауысы» музыкалық фестивалі ең тартымды жоба атанды. Жыл сайын «Медеу» алаңына әлемнің түрлі елінен артистер жиналды. Фестиваль Бауыржан Исаев, Нұрлан Абдуллин тәрізді көптеген қазақстандық музыканттың шығармашылық жолының бастауы болды.

Қазіргі уақытта «Азия Дауысы» эстафетасын A Star of Asia фестивалі қабылдады. 2017 жылдан бері ол да «Медеу» алаңында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Фестиваль ұлттық, этникалық, хип-хоп, поп-артистердің бір сахнада бас қосып, музыкалық мерекені тойлауына түрткі болып келеді.

90-жылдардың басында жыл сайын өткізілетін «Жас қанат» жастар байқауы да танымал жобаның бірі болды. Байқауға соло-артистер, ансамбльдер қатысты. Жоба қазақстандық эстрадаға «Аян» тобы», Жанна Саттарова, Мәдина Сәдуақасова сияқты әншілердің жаңа толқынын алып келді.

1995-1999

Рэп-музыка және алғашқы бойз-бэндтер

90-жылдардың соңында қазақстандық музыканың өзін-өзі тану тақырыбы екінші орынға ығысып, хип-хоп, рэп-музыка, бойз-бэнд, поп-джаз бағыттарына орын бере бастады.

Рэп пионерлері

Rap Zone

Саханаға жастардың отандық рэп-музыкаға махаббатын ашқан Rap Zone тобы келді. Қатысушылар альбомдарын қолдан қолға таралатын кассеталарға жазды.

Әсіресе, «Шум-гам-бум-переворот» туындысы жастардың «гимніне» айналды. Ал RAP ZONE жазуы барлық жерде: аулада, үй қабырғасында, оқушы күнделігінің тысында да болды.

Телеарналардың қолдауы

Медиа да музыка индустриясынан шет қалмады. «НТК», «31» арналары жас әншілерді белсенді қолдап, бейнебаяндарын музыкалық бағдарламаларына енгізді.

«Алматушечканың» пайда болуы

АлматушечкаДәл осы уақытта Алматыда музыканың жаңа бағыты қалыптасты. Артистердің бір тобы «Алматушечка» деп аталды. «Алматушечка» дегеніміз — жылы әрі жеңіл, дамыған поп-джаз, оны «А-Студиомен» де тығыз байланыстырамыз.

Бойз-бэндтер

90-жылдардың соңында батыс трендтерінің ізін ала қазақстандық музыка индустриясы алғашқы бойз-бэндтерін жарыққа шығарды. Дәл осы кезде құрамында Ерлан Көкеев, Медеу Арынбаев және Қыдырәлі Болманов өнер көрсеткен, аты аңызға айналған «АБК» триосы, сол сияқты «Бублики», «Алан» және «Дервиши» сияқты топтар құрылды. Көбі 2000-жылдардың басында тарқап кетті, олардың ішінде «Дервиши» ғана атағын сақтап, халықаралық сахналарда да өнерін көрсетуін жалғастырды.

2000-2005

Музыкадағы дүмпу

2000-жылдардың келуімен тұрақтылық орнады — адамдар мәдениет пен музыкалық білімге көбірек қызықты. Қазақстанда жаңа стильдердің пайда болуы тыңдарманның назарын ерекше аудартты.

Хип-хоп және r’n’b

Қазақстанда дәстүрлі поп-музыкамен қатар хип-хоп, r’n’b қарқынды дами бастады. Ghetto Dogs, Metis’s, «Не всё сказано», Иван Бреусов бастаған «101» тобының шығармашылығы жаңа леп әкелді. Жанрлар мен стильдерді араластырған топтар әр меломанның плейлистінде болды. Ал әндерін мектеп оқушылары мен студенттер қосылып шырқады.

Нағыз рок

рокБұл кезде алғаш баламалы топтар дүниеге келді. 2000-жылдардың бірінші жартысында сахнада 10-нан аса рок-топ болды. Әсіресе, Blues Motel, Che Francisco, «Максим Сергеич» және «Эклектика» сияқты топтар өзгелерден ерекшеленді. Олардың әрқайсы Қазақстан бойынша тек бір гастрольдік тур ұйымдастырып қойған жоқ, тіпті елден шығып, Ресейдің рок алаңдарында өнер көрсетіп үлгерді.

«Ұлытау» этно-рок тобы халықаралық сахналарға сәтті шықты. 2001 жылы пайда болған топ көп елге барып, қазақтың музыкалық өнерін шетелдік тыңдарманға жеткізді.

2.0 бойз-бэндтер

бойз бэндБойз-бэндтер дүмпуі әрі қарай жалғасты. Бұрынғы топтардың орнын ән айтумен ғана емес, ерекше биімен «Жігіттер», «Орда» және RinGo сияқты жас, техникалық жағынан да жетілген топтар басты.

«Рахат-Лукум» және басқалары

Рахат Лукум

2000-жылдардың басындағы музыкалық индустрияның басты ерекшелігі «Рахат-Лукум», «Дауыс International», «Сердцеедки», FM, тағы басқа алғашқы гёлз-бэндтердің пайда болуы еді. Топтың солистері жиі ауысты, олар қалай жылдам пайда болса, солай бірден танымал болды.

SuperStar KZ

«Еуразия» арнасынан трансляцияланған SuperStar KZ музыкалық реалити-шоуы жас артистерге үлкен мүмкіндіктер ашты. Шоудың арқасында қазақстандықтар Қайрат Түнтеков, Әлішер Кәрімов, Алмас Кішкенбаев, Нұржан Керменбаев сияқты әншілерді таныды.

Атақты продюсерлер жолы

Эрик Тастембеков

2000-жылдардың басында музыка индустриясына Эрик Тастембеков, Алуа Қонарова, Баян Есентаева сияқты «жұлдызды» музыкалық продюсерлер келді. Продюсерлер жаңа таланттарды танытып, шығармашылықтарын дамытып келеді.

2005-2007

Той-бизнестің пайда болуы

2000-жылдардың ортасына қарай сахнада жаңа бағыттар мен жанрлар шығуын тоқтатты. Музыка индустриясы біртіндеп позициясынан айрыла бастады. Ал жаңа музыканттар бұрынғыдан да қызық нәрсені ойлап табуға әрекеттенді.

Той және каверлер

каверКей артист шоу-бизнестен той-бизнеске көшті, түрлі шарада, шоулар мен жиындарда өнер көрсете бастады. Той-индустриясында cұраныстың көптігін аңғарып, көрші елдерден де музыканттар келе бастады. Олар да жергілікті орындаушылармен бәсекегe түсті.

Осылай Қазақстанда кавер-бэндтер — отандық және шетелдік әншілердің танымал әндерін орындайтын топтар көптеп шыға бастады. Мұндай топтар көбіне жеке ән жазбады. Бар болғаны, танымал хиттердің коммерциялық жетістігіне сенім артты.

Пираттық «ВКонтакте»

Әлеуметтік желілердің дамуы музыка индустриясын кәдімгідей әлсіретті. Қазақстандық нарыққа «ВКонтакте» желісі келген соң аудитория музыка дүкендеріндегі лицензиялық дисктерден гөрі интернеттен жүктелген тегін пираттық музыкаға ден қоя бастады. Бұл, әрине, музыка компаниялары мен лейблдерге үлкен дағдарыс алып келді.

2008-2013

Жаңа толқын

Музыка индустриясының жаңа тынысы 2010-жылдарда ашылды. Сахнаға болашағынан зор үміт күттірген жас музыканттар шығып, қазақстандық музыканың қалыпты пішінін өзгерте бастады.

Нағыз халықтың әншісі

Қайрат Нұртас

Эстрада әншісі Қайрат Нұртас қазақстандық тыңдарманның ыстық ықыласын жаулады. Ол алғашқы жеке концертін 2008 жылы берді. Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов сынды ұлы композиторлардың әндерін орындай жүріп, Қайрат жаңа туындыларды да жарыққа әкелді. Ол — қазір де қазақ шоу-бизнесінің ең көп сұранысқа ие жұлдызы.

Хип-хоптың жаңа белесі

Скриптонит

2009 жылы Da Gudda Jazz тобы құрылды. Ол рэп пен реггиден бастап ритм-энд-блюзге дейінгі музыкадағы түрлі жанрды бір арнаға тоғыстырды. Осы уақытта индустрияда ешкімге белгісіз болып келген Скриптонит пайда болды. Ол қазақстандық хип-хопқа үлкен музыкалық стилін қиыннан қиыстырып, жаңа деңгейге көтеріп тастады.

Бір жылдан кейін Скриптонит JILLZAY рэп-тобын құрып, қазақстандық жастар арасында хитке айналған синглдердің бірінен соң бірін шығара бастады. Бірде-бір сауық-сайран жас Скриптониттің шыншыл, дөрекі, ауыр әндерінсіз өтпеді. Кейінірек музыкант Gazgolder продюсерлік орталығына қосылып, ресейлік сахнада шығармашылығын шыңдап, ТМД елдерінде танымал бола бастады.

Moldanazar

Молданазар2010-жылдардың басында қазақша музыка Ғалымжан Молданазардың келуімен жаңаша естіле бастады. Түсінікті, тізесі шыққан поп-форматты елемей, Ғалымжан Қазақстан үшін бейтаныс жанр — инди-музыканы ана тілімізде сөйлетті. Оның әуені жас тыңдарманның жүрегін жаулады, ал бейнебаяндары қазақстандық әншілерге биік тұғыр орнатып берді.

Jah Khalib

Jah KhalibИнтернеттің дамуы музыкадағы шекараны жойды: бұрындары музыка тек еліміздің ішінде қалса, қазіргі кезде әншілер тыңдарманын Қазақстаннан тыс, алыс аймақтан да таба алады.

Мысалы, әлеуметтік желілердің арқасында қазақстандық әнші Jah Khalib танымал болып кетті. Оның «Ты для меня», «Твои сонные глаза» хиттері тек Қазақстанға емес, бүкіл ТМД-ға тарап, осы аймақтың музыка индустриясының дамуына үлесін қосты.

Музыкалық шоу

музыкалық шоу

Қазақстан мен Орталық Азияның талантты әншілерін іріктейтін телевизиялық жобалардың пайда болуы жаңа музыкалық толқынның дамуына әсер етті.

Ең сәтті музыкалық телешоудың бірі — 2011 жылы басталған отандық X Factor. Жас таланттар жыл сайын осы шоуға бақ сынауға келеді.

Керемет жетістікке жеткен I am a singer халықаралық музыкалық шоуы — «31» арна мен МВС Оңтүстік Корея компаниясының бірлескен жобасы. 2017 жылы шоудың алғашқы маусымын Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан елдерінен 200 миллионнан аса адам бақылады.

Мұндай телешоулар жас музыканттарға дарынын шыңдауға, музыкасын дамытуға шабыт беріп, үлкен сахнада шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік сыйлайды.

2014-2018

Музыка наразылық түрінде

Соңғы төрт жылда музыка индустриясы өзгеруді жалғастырып келеді. Қазақстанда стилі, санасы, музыканы сезуі өзгеше жас топтар пайда болып жатыр.

Танымал альтернатива

Музыка

Қазіргі музыка индустриясын «наразылық музыкасы» деп сипаттасақ болады. Оны таптаурын болған, жалықтырған, консерватив көзқарасқа қарсы шыққан жас буын өкілдері қалыптастырып келеді.

Соңғы жылдары елдегі альтернатива музыканың дамуына ең қолайлы кезең туындап отыр. Мысалы, Алматыда Qazaq Indie қоғамы пайда болды. Онда жас музыканттар өнерін көрсетуге мүмкіндік алады.

Жаңа заман артистері

заманауи музыка

Музыканттардың жаңа толқыны әртүрлі. Олардың қатарында альтернатива орындаушылар Molto Loud, City&Shivers, ElephantGun, Far In Gate топтары, поп-артистер Mad Men, Ерке Есмахан; рэп артистері Tolebi, Darrem, шетелде кең танымал электрондық сахнаның өкілі Electric Child бар.

Q-pop

Музыка дамуының ерекше кезеңі Q-pop немесе қазақ попының пайда болуымен басталады. Оңтүстік Кореядан келген шығыс музыкасының лебі бар қазақстандық Ninety One мен Renzo бойз-бэндтері сіңіріп, отандық музыканың қалыпты түсінігіне өзгеріс енгізді.

Әншілерімізді таны

Көптеген жас талант соңғы жылдары Қазақстанның беделін халықаралық сахнада көтеріп келеді.

Димаш Құдайберген

Олардың көшін Димаш Құдайберген мен жас әнші Данэлия Төлешова бастап тұр. Димаш Қытайдағы I am a singer халықаралық музыкалық телешоудан соң, ал Данэлия Украинадағы «Голос.Дети» байқауынан кейін әлемге танылды.

MBAND ресейлік тобының мүшесі, қазақстандық Анатолий Цой да шетелдердеткең танымал. Анатолий Қазақстаннан Мәскеуге барып, бірден үш музыкалық жобаның: «Голос», «Артист» және «Хочу к Меладзе» кастингттерінен өтеді. Сөйтіп соңғы жобаның жеңімпазы атанды.

Тәуелсіз фестивальдер

музыкалық фестиваль

Қазақстанда жаңа бағытты, ерекше музыканы іздеген жас дарындар мен тыңдармандарды жинаған тәуелсіз музыкалық фестивальдердің саны артып келеді.

Соңғы үш жылда пайда болған Nomad Vibes, «Gakku Дауысы», «Юность» фестивальдері тек отандық музыканттарды танымал етіп қоймай, тыңдарман үшін жаңа стильдерді ашып келеді. Нәтижесінде артист пен аудитория арасында ашық байланыс, диалог құрылды.

Осы шақ пен болашақ

Қазақстанда қазіргі уақытта да эстрада мен поп-музыка басқа бағыттарды басып озып, танымал жанр болуын жалғастырып келеді. Дегенмен заманауи музыка индустриясы дұрыс бағытта дамып жатыр. Тіпті, бірнеше жылдан кейін қазақ әуені басқа елдер үшін үлгі боларлық деңгейге дейін жетуі әбден мүмкін.

Дереккөз

• Музыкант, продюсер, қазақстандық рекорд-лейблдің және SoundLab Records дыбыс жазу студиясының  негізін қалаушы Даниил Солдатовпен сұхбат.
• Ашық дереккөздер: Voxpopuli, Yvision және тағы басқалары. Kcell, mobimusic

MobiMusic

  • mobi music – «Кселл» компаниясының музыкалық стриминг қызметі. Сервис 2016 жылы іске қосылған. Содан бері бұл қызметті 400 мыңға жуық пайдаланушы қолданады. mobi music-те музыканың мол қоры бар. Сапалы контент, интерфейс ыңғайлы. Ешқандай жарнамасы жоқ. Сонымен қатар тегін интернет-трафик!
  • Музыканы iOS және Android-қа лайықталған мобильдік қосымшадан немесе сайттың мобильдік нұсқасынан тыңдауға болады https://mobimusic.kz/
  • Сервисті Kcell және activ абоненттері күніне бар болғаны 35 теңгеге, ал алғаш қосылғандарға 30 күн бойы тегін қолдануға болады.
  • «Престиж+» тарифтік желісін қолданатындар сервисті ешқандай қосымша ақы төлемей-ақ пайдалана алады.

Қолданып көру: Play Market/AppStore