Роза Рымбаева: Алғашқы табысым 120 рубль болды

Менің отбасым – ол менің екі ұлым — екі махаббатым. Мәңгілік махаббатым.

***

Алғашқы табысым  сол кездегі есеппен 120 рубль болды. Оны  «Гүлдер» ансамблімен шыққан гастрольден алдым.

***

Балалық шақ, өкінішке қарай, ешқашан қайталанбайды, оралмайды. Бірақ сахнада міндетті түрде балалық шақтағы арманым есіме түседі. Ол кезде «Қашан мен үлкен қыз болып өсемін?», «Қашан Алматыға барамын?», «Қашан әртіс, әнші боламын?» деп дейтін едім.

***

Бала тәрбиесіндегі басты қағида – оған сәбиің, сырласың және өзіңмен тең адам ретінде қарап өсіру.

***

Өмірлік ұстанымым – қажымай-талмай еңбек ету, іздену, жыл сайын көрерменге бір жаңалық көрсету.

***

Егер де ерекше күш иегері болсам, бұдан да көбірек жұмыс істер едім.

***

Сүйікті әндерім көп, әрбір орындап кеткен әнім сүйікті. Себебі сол әндер ақылы мен көрермендерге танылдым.

***

Мен жайлы әндер көп. Соның бірі – «Бәрі маған қарайды» деген ән.

«Бәрі маған, бәрі қарайды, қарасын.

Қарап маған жүректегі жазсын жарасын» деген сөздері бар.

***

Сүйікті авторым — Шыңғыс Айтматов. Себебі бала кезімнен сол кісінің кітаптарын оқып өстім. Чехов, Достаевский, Островский, Тургенев сынды орыс классиктерін де жиі оқимын.

***

Басты жетістігім – екі ұлым. Бос уақытымда солармен бірге болғанды жақсы көремін. Кеше кешке балаларыма борщ пісіріп, қуырған кортоп пен котлет пісіріп бердім.

***

Егер әнші болмасам, театр немесе кино актері болатын едім. Себебі менің негізгі мамандығым – музыкалық драма театрының актері.

***

Бойымдағы жағымсыз әдетім — шыдамсыздық шығар.

***

Ер адамның басты қасиеті – нағыз еркек деген сөзге лайық болу. Ал, әйел адамның басты қасиеті – таза да үлкен жүректі нәзік жан бола білуінде.

***

Шетелге жиі шығамын дей алмаймын. Соңғы рет Крмельде ән салу үшін 11 ақпан күні Мәскеуге бардым.

***

Австралияға барғым келеді.

***

Сүйікті қалам – Алматы. Ол менің алғашқы махаббатым, алғашқы әнім, әйелдік бақытым.

***

Қазақстанның шоу-бизнесінде әртістер көп. Оның ішінде нағыз әншілер бар, тойдың әншілері бар және фонограмманың арқасында аяқ астынан әнші болып кеткен жолы болғыштар бар.

***

Бүгінгі күндегі өнердегі ең бірінші досым – менің продюсерім, директорым Жанна Сабирова.