Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанда туризмі дамыған 5 ауыл

Фото: Liter.kz

Не болды?

Kazakh Tourism ұлттық компаниясы туризм бағыты дамыған 2026 жылдың ең үздік ауылдарын анықтады. Олардың қатарында еліміздің әр өңіріндегі бес ауыл бар. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Жыл сайын өтетін «Үздік туристік ауыл» байқауы туризмді дамытуға, табиғи, тарихи және мәдени мұрасы ерекше елді мекенді танытуға бағытталған.

Биылғы байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік ауылдары мыналар:

  • Басши ауылы (Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы);
  • Торайғыр ауылы (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы);
  • Берел ауылы (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы);
  • Коробиха ауылы (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы);
  • Имантау ауылы (Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы) енді.

Ұлттық компанияның мәліметінше, былтыр байқау жеңімпазы қатарында Жетісу облысындағы Лепсі, Қызылорда облысындағы Нағи Ілиясов, Батыс Қазақстан облысындағы Хан Ордасы, Шығыс Қазақстан облысындағы Поперечное және Қарағанды облысындағы Шабанбай би ауылы болған.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алакөл жағалауында биылғы туризм маусымы ресми ашылып, «Алакөл алаулары – 2026» фестивалі өтті.

Мақалаға реакция