Еліміздің көп бөлігінде жұма жауын-шашынды болады

«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша өңірлерде жел күшейеді, тұман түседі, солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ болады.

Ақмола, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болады. Алматы облысында Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл облысында 3 градус ызғар болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да