Бейсенбіде қай өңірлерде жауын-шашын болады?

24 қазанда ауқымды антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте ауа райы құбылмалы болып, қар аралас жаңбыр жауады.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, республиканың кей өңірінде жел күшейеді, тұман түседі, солтүстік-батыста, солтүстікте және солтүстікте-шығыста көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Ақмола, Павлодар облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысында да күн тұманды болады, Жалаңашкөл көлі ауданында екпіні секундына 22 метрге жететін жел соғады. Қарағанды облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел мен бұрқасын соғады. Қостанай облысында жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да