Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматы облысында полицейдің өліміне қатысты әйелі мен ұлы ұсталды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Не болды?

Алматы облысы Кеген ауданында өртенген ер адамның мәйіті табылып, кейін оның полиция қызметкері екені анықталды. Қазір қылмысқа қатысы бар деген күдікпен марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Оқиға 23 маусым күні болған. Көкпек – Көктал – Кеген тас жолынан шамамен 400 метр қашықтықтағы таулы аймақтан өртеніп жатқан денені шопан байқап, құқық қорғау органдарына хабар берген.

Тергеу барысында қаза тапқан адамның Алматы қаласы Әуезов ауданы полиция басқармасының қызметкері, 37 жастағы Аслан Әлсеров екені анықталды. Мәйіттің денесі түгелдей жанып кеткен. Марқұмның оң қолынан өртенген арқанның қалдығы табылған.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде марқұмның жұбайы мен ұлы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Марқұмның жұбайы Арайлым Әлсерова бұрын Алматы қаласының Бостандық ауданының полиция басқармасында қызмет атқарған. Тергеу оның қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Аслан мен Арайлым Әлсеровтердің отасқанына 15 жыл болған. Ерлі-зайыпты жеті бала тәрбиелеген.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыдағы Әл-Фараби көшесіндегі жол апатына қатысты сот үкімі шықты.

Мақалаға реакция