Тұман және жел. Синоптиктердің 8 қазандағы ауа райына болжамы

«Қазгидромет» РМК мамандары 8 қазандағы ауа райына болжам ұсынды.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфера фронттарының өтуіне байланысты еліміздің тек батысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде  жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында, Түркістан облысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі бар.