Алматыда Қарттар күні тойланды

Шарада орталықтың ішінен ашылған «Асыл әжелер» ансамблі мен зейнеткерлерден құралған әншілер хоры өнер көрсетті.

Орталық директоры Әсия Ақанова қонақтарды мейраммен құттықтады.

Орталық екінші рет Қарттар күнін атап өтіп отыр. «Қарты бар үйдің — қазынасы бар» деп текке айтпайды. Үлкен адамдар бар жерде әрдайым түсіністік пен мейірім болатыны белгілі. Бізге келетін зейнеткерлер өте белсенді. Олардан үлгі аламыз, — деді Әсия Ақанова.

Шарада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері өнер көрсетіп, қарттарға құрметін білдірді.

ДереккөзBaq.kz