Жауын-шашын мен жел: 27 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, Карск теңізі ауданынан келетін солтүстік циклонның ықпалынан Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерде жауын-шашын жауады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады.

Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Ақмола облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында тұман түседі.

Ақмола,  Атырау, Ақтөбе, Қостанай,  Солтүстік Қазақстан,  Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде 1-3 градус үсік болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан облысында өте жоғары өрт қаупі бар.