Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасына жазды.
Egemen Qazaqstan газеті Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының 20 мыңнан астам тұрғынын толғандырған өзекті мәселені көтерді. Халық 50 жыл бұрын салынған ескі пароммен қатынап жүр. Үкіметке Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірге Бұқтырма суқоймасына көпір салу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырамын, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Egemen Qazaqstan газеті Өскемен мен өңірдің бүкіл қала-ауданын жалғайтын, стратегиялық маңызы зор Бұқтырма суқоймасы арқылы өтетін «Қызыл ту» өткелі жұртты әбден әуре-сарсаңға салғанын жазған.