Қасым-Жомарт Тоқаев «оралман» терминін қолданбауды тапсырды

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасына жазды.

Тарихи отанына оралған қазақтарға қатысты «оралман» дегеннің орнына «қандас» терминін қолдану керек. Жеті атасын білетін халыққа «қандас» ұғымы жарасады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ашық деректерге сүйенсек, 25 жыл ішінде (1991 жылдан 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін) Қазақстанға 957 764 оралман келді. Олардың ұрпақтарын, мемлекеттік қоныстандыру бағдарламасының көмегінсіз келгендерді есепке алсақ, 1 миллионнан астам адам елге оралды.