Ауа температурасы 35 градусқа дейін жоғарылайды

Синоптиктердің болжауынша, Иран аймағынан келетін жылы ауа массасының әсерінен республиканың оңтүстігінде ауа райы жылы және жауын-шашынсыз болады.

Күндіз термометрдің сынап бағанасы плюс 25-30 градусқа дейін, кей жерде плюс 35 градусқа дейін жоғарылайды. Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де жетеді, — делінген хабарламада.

Кей жерде жаңбыр жауса да, жылы болады. Күндіз ауа температурасы плюс 20-28 градусқа дейін жоғарылайды. Тек батыс өңірінде Ресейдің Еуропа бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттар ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді.