Бұршақ, тұман, найзағай. 16 қыркүйектегі ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, найзағай соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні секундына 23-28 метрге дейін артады. Түнде және таңертең тұман басуы мүмкін.

Алматы облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстанда, күндіз Ақмола облыстарының кей жерінде найзағай соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін барады. Түнде Маңғыстау және Атырау облыстарында найзағай соғуы мүмкін. Атырау облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысында найзағай ойнайды. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады. Бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл және Қарағанды ​​облыстарында найзағай соғып, бұрқасын болады. Бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман басуы мүмкін.