Қуыршақ театры Алматы бойынша тегін спектакльдер қояды

Алматының барлық сегіз ауданының көрерменіне театр репертуарының үздік спектакльдері және түрлі ұлт өкілінің шығармашылығын бейнелейтін арнайы қойылым, «Қуыршақтар шоуы» ұсынылады.

Қойылымның авторы мен режиссеры — Сұлтанғалы Шүкіров, Құралай Ешмұратова. Көрермендерге «Арыстанның қорқынышын қалай жазуға болады?» атты интерактив қойылым көрсетіледі. Авторы — М. Дългечева, режиссеры — К. Андреева.

Алғашқы «Қуыршақтар шоуы» концерті 12 қыркүйекте Оқушылар cарайы алдында өтті.

Барлық сұрақ бойынша +77052110045 нөміріне хабарласыңыз.