Астананың Оқушылар сарайында «Шексіз шығармашылық» фестивальі өтті

Фестивалге мүмкіндігі шектеулі жастар қатысты. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық даму істері басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған аталмыш іс-шара «Астана — рухы мықты адамдардың қаласы» ауқымды бағдарламасының аясында өткізілді.

Қатысушылар «Хореографиялық өнер», «Ишарамен ән айту», «Эстрадалық вокал» және «Сәндік-қолданбалы өнер» сияқты төр аталымда сайысқа түсті.

«Фестивальдің негізгі мақсаты – әрбір қатысушыға өз шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік беру, олардың мүмкіндіктерінің шекарасын кеңейту.

Іс-шараның барлық қатысушыларын шабыттандырып, жаңа жарқын әсерлерге ие болғымыз келеді, сондай-ақ олардың мотивациясы өзгелерге үлгі болса екен дейміз, — деп атап өтті шараның ұйымдастырушысы, Қазақстан студенттері Альянсының Президенті Ільяс Түстікбаев.

Қатысушылардың өнеріне қазылар құрамындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Дельфий ойындарын дамыту комитетінің директоры Құралай Түсіпбеков, қазақстандық әнші Дәурен Оразбеков, ымдау тілінің аудармашысы Хасан Исраилов өз бағасын берді.

«Хореография» номинациясында «Ақшағала» шығармашылық ұжымы мен Гүлжан Бисембаева жеңімпаз атанды.

«Вокал» номинациясы бойынша бірінші орынды Дәурен Рахметов алса, «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясында Айдана Қырықбай топ жарды.

«Ишара әні» номинациясындағы бірінші орынды ақтөбелік Азамат Сансызбаев, екінші орын Алмат Темісбай және үшінші орынды Жаяна Ерғалиева иеленді.