Алматыда 117 үй сүріледі. Тұрғындардың төлемді қашан алатыны белгілі болды

Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов жеті айдың қорытындысы туралы және қала басшысы Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасын іске асыру жөнінде мәлімдеді.

Халықпен кездескенде Бақытжан Сағынтаев аймақ мәселесімен танысты. Сол кезде қала басшысына 78 сұрақ қойылған.

Бірнеше жыл қатарынан 117 үйдің тұрғындарына ақша төлеу мәселесі көтеріліп келеді. Сүрілетін үйлердің орнына — Сейфуллин мен Жүнсүгіров даңғылдарының қиылысында жол айрығы салынады.

Тұрғындарды түсінуге болады. Олар хабарлама алды, енді пәтер сата да, сатып ала да алмайды. Мәселе бір жылдан астам уақыттан бері қаралып келеді. Сондықтан қала әкімі оны жеке бақылауда ұстап отыр. Жол айрығын салуға бөлінген қаражатты жер сатып алуға беру туралы шешім қабылданды. Тұрғындардың мәселесін шешпей тұрып, жол айрығын салмаймыз. Үкіметтің қолдауымен 20 қыркүйектен кейін, нақты күні анықталмағанымен республикалық бюджет қарастырылады. 3,6 миллиард теңгеге сатып алуды жоспарлап отыр. Егер олар қыркүйекте нақтылау бойынша осы соманы қолдаса, 5-10 қазанда ақша жергілікті бюджетке түседі. Екі-үш күннен кейін біз төлем жасай аламыз , — деді Мақсат Қиқымов.

ДереккөзZakon.kz