Басты бет / Жаңалықтар /
Алматыдағы күз
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

14-16 қыркүйек. Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Мамандардың хабарлауынша, республиканың оңтүстік жартысына белсенді бұлт ауып, кей жерде найзағай соғып, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарында бұршақ жауады.

Ресейдің Еуропадағы бөлігінің солтүстік-батыс аймағынан келетін атмосфералық фронттар әсірінен республиканың батыс және солтүстік өңірлерде найзағай соғып, жаңбыр жауады. Екпінді жел тұруы мүмкін, — делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, ауа температурасы климат нормасына жақын болады. Тек Қазақстанның шығысында үсік болуы мүмкін.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook