Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары — ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған #Abay175 эстафетасына қатысушылармен кездесті.
Алматыдағы «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Қазақбай Қасымов эстафета қатысушыларына Абай шығармаларының жинағын сыйға берді. Кездесу соңында Жансейіт Түймебаев Абайдың 37-ші қара сөзін оқып, шараға келген қонақтарға мағынасын түсіндіріп берді.
Еске салайық, биыл 30 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы жарлыққа қол қойып, республикалық деңгейде 500-ге жуық мерекелік шара өтетінін айтты. Соның бірі — #Abay175 челленджін Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен жастардан қолдау тауып жатыр. Әртүрлі ұлт өкілі Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, әлеуметтік желіде видео жариялады.
Жансейіт Түймебаев республикалық этномәдени бірлестіктердің басшыларының қатысуымен өткен ассамблеяның өзекті мәселелері туралы кеңеске қатысты. Мұнан кейін Достық үйінің фойесінде Ұйғыр асханасы фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальде ұйғырдың манты, әткенчай, гөшнән сияқты ұлттық тағамдарының жасалу жолы көрсетілді.