Данияр Ақышев пен Жансейіт Түймебаев жаңа қызметтерге тағайындалды

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы мен Түркістан облысының экс-әкімін жаңа лауазымдарға тағайындады. Тиісті өкім Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен: Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне; Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, — делінген құжатта.

Данияр Ақышев
Данияр Ақышев Фото: Prodengi.kz

Данияр Ақышев 25 ақпанда отставкаға кеткен еді. Ол бұл қызметті 2015 жылдың қарашасынан бері атқарды. Данияр Ақышевтің орнына ҚР Ұлттық банкіне Ерболат Досаев басшы болды.

Жансейіт Түймебаев
Жансейіт Түймебаев. Фото: Ontustik.gov.kz

Жансейіт Түймебаев 26 ақпан күні Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды. Оның орнына Өмірзақ Шөкеев әкім болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Леонид Прокопенко басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды.