Тамыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

2019 жылы Құрбан айттың алғашқы күні — 11 тамыз жексенбіге түсіп тұр. Бірақ діни мерекедегі демалыс келесі жұмыс күніне ауыспайды.

«Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» заңға сәйкес 30 тамыз — Қазақстан Республикасы Конституциясы күні. Сол себепті республика азаматтары бұл күні демалады. 2019 жылы 30 тамыз жұма күніне түсіп тұр. Осылайша қазақстандықтар 30, 31 тамыз, 1 қыркүйек күндері демалады.

ДереккөзTengrinews.kz