Конституция 1993 жылдан бері қалай өзгерді?

1993-1995: Бірінші Конституция

  1. Бірінші Конституция бойынша Қазақстан парламенттік республика болды. Қазір президенттік басқару жүйесі қолданыста.

2. Алғашқы Конституцияда Жоғарғы Кеңес жалғыз заң шығарушы жоғарғы билік органы болды.

Жоғарғы Кеңестің қызметі:

  • ҚР Конституциясын қабылдап, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • Заңның орындалуын қадағалау;
  • Келіспеушіліктер туындаған кезде заңды талқыға салу;
  • Елдің шекарасын анықтап, әкімшілік-аймақтық дауларды шешу;
  • Мемлекеттік бюджетті бекіту және өзгерістер енгізу және оны бақылау;
  • Қаржы жүйесін, салық саясатын құру, мемлекеттік қарыздар туралы шешімдер шығару;
  • Президент, премьер-министр, министрлерді тағайындау.

Президент Жоғарғы Кеңеске есеп беретін және билігі шектеулі еді.

1995 жыл: Екінші Конституция

1995 жылы Президенттің бастамасымен жаңа Конституцияны құрастыратын топ құрылды. Осылайша 1995 жылы 28 шілде мен 30 тамыз аралығында жаңа мәтін референдумға ұсынылды.

Жаңа заң 90% қолдауға ие болды. Дауыс беруге келгендердің үлесі 90,6% еді.

Бірінші Конституциядан қандай айырмашылық болды?

  1. Парламенттің билігі Президентке өткізілді;

2. Жоғарғы Кеңес таратылды;

3. Парламент екі палаталы болды: сенат пен мәжіліс;

4. Парламент бақылаушылық функциясынан айырылды. Енді депутаттар мемлекеттік бюджет пен заңдарды бақылай алмайды.

5. Парламенттің заң шығару функциясы үш институттың арасында (Президент, Үкімет және Парламент депутаттары) бөлінді.

6. Конституциялық сот пен арбитраждық сот таратылып, тек Жоғарғы сот қалды.

Конституцияға енгізілген төрт өзгеріс

Екінші Конституцияға 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары өзгеріс енгізілді.

1998 жыл. Бірінші өзгеріс Президенттің басқару мерзімін ұзартуға арналды. Ол бұрын 5 жыл болса, қазір 7 жыл. Сонымен қатар төрағалық қызмет орнына көп дегенде екі рет дауысқа түсу шектеуін алып тастады. Сенаторлық пен депутаттық өкілеттілік мерзімі 4 жылдан 5 жылға ұзартылды. Президент пен мемлекеттік қызметкерлердің жасына қойылған шектеу алынды. Ол бұрын 63 жасқа дейін болған, яғни қазір Қазақстанда адамдар 100 жастан асып кетсе де, мемлекеттік қызметте істей береді.

1998 жылғы өзгерістен кейін саяси партияларға мәжіліс сайлауына қатысу құқығы берілді. Бірақ партиядағы депутаттар саны 10 адамнан аспауы керек. Әр партиядағы депутат саны партиялардың санына тәуелді болды. Партия көп болған сайын мәжіліске алынатын депутаттар саны да көбейе түседі. Бұған дейін мәжіліс депутаттары (67 адам) тек бір мандатты аймақтардан бірдей санда сайланатын еді.

2007 жыл. Басты өзгеріс: Мәжіліс тек партия тізімі бойынша құрыла бастады. Бұған дейін әр партиядан 10 депутат сайланып, қалған 67-сі бір мандатты болатын.

Осы өзгерістерден кейін азаматтар нақты бір депутатқа дауыс беру құқығынан айырылды, яғни қазір тек саяси партияға ғана дауыс беруге болады. Жеңген партия қай депутаттарды мәжіліске енгізетінін өзі шешеді. Бұл  партияның «жабық» тізімі деп аталады. Ал, халықаралық тәжірибеде партиялық сайлау «ашық» тізімде өтеді. Халық нақты депутаттарға дауыс береді, жеңгенінің партиясы парламентке барады.

Осы өзгерістерден соң Мәжіліс депутаттарын дереу арада таратып, 2007 жылдың тамызында жаңа сайлау болды. Сайлау нәтижесінен соң Парламент бірпартиялы болды.

2011 жыл. Басты өзгеріс: Қазақстанда Мәжіліс депутаттарының шұғыл сайлауы жиі өткізілетін болды. Конституцияға арнайы норма енгізіліп, кезектен тыс президент сайлауы ҚР Президентінің шешіміне байланысты болды.

2017 жыл. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2017 жылдың 26 қаңтары мен 26 ақпаны аралығында бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Өзгерістер Президент, Парламент және Үкіметтің өкілеттігін қайта бөлу туралы болды. Нәтижесінде 19 бапқа 26 түзету енгізілді.

Стратегиялық функциялар Президент басымдықтарына айналды: Үкімет филиалдары арасындағы қарым-қатынаста жоғары төреші рөлі, сыртқы саясат, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және Конституцияны қорғау. Президент заңдарымен бекітілген әлеуметтік-экономикалық саладағы өкілеттіктердің елеулі бөлігі Үкіметке берілді. Мысалы, қазіргі уақытта Мемлекет басшысы бюджет саласы қызметкерлерінің бірыңғай қаржыландыру және төлем жүйесін бекітпейді. Бұл функция Үкіметке берілді.

Мемлекеттік бағдарламаларды Президент жеке-дара мақұлдамайды. Қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарламаларды Үкімет басшылығы қабылдайды, Мемлекет басшысы келісім береді.

Президент кез келген мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын премьер-министрмен және Парламент палаталарының төрағаларымен кеңескеннен кейін ғана тоқтатуы мүмкін. Бұрын облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдерін Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Президент тағайындайтын. Өзгеріс бойынша осы функцияны Мемлекет басшысы мәслихаттардың келісімімен орындайды.

2017 жылғы өзгерістер Парламенттің рөлін күшейтуге бағытталған. Осылайша, олар Парламенттің Қазақстандағы заңнамалық билікті жүзеге асыратын (бұдан бұрын заң шығару функциялары болатын) нормасын бекітті. Премьер-министр өзгерістен кейін Президент пен Парламентке Үкіметтің негізгі бағыттары туралы және барлық маңызды шешім жайында есептерді баяндайды. Осыған дейін баяндама тек Президентке жасалатын.

Бұрын Конституцияда Үкімет тек Мемлекет басшысына ғана және кейбір жағдайларда Парламент Мәжілісіне есеп берсе, қазір Үкімет өз қызметінде Президент пен Парламент алдында жауапты.

Ата заңның 26-бабындағы «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады» сөйлеміндегі «азаматтары» деген сөзді «әркіммен» алмастыру ұсынылған болатын. Бұл қоғамда қызу талқыға түсті. Қазақстандықтар шетел азаматтары осы норманы пайдаланып, жерді жекеменшікке сатып алады деген алаңдаушылығын білдірді. Көпшілік «әркім» сөзіне қарсы шығып, өзгеріссіз қалдыруды талап етті. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев 26-бапты бұрынғы редакцияда қалдыру туралы шешім қабылдады.

Жаңартылған Конституция — уақыт талабына орай берілген жауап. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру, стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстанның барлық азаматтары күш-жігерін біріктіруі керек

, — деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.