Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентін 62 жасымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев. Фото: Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президенттер екі ел ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады, — деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Өзбекстанмен көпжақты байланыстарды кеңейтуге мүдделілік танытты.

Шавкат Мирзиеев 1957 жылы 24 шілдеде туған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *