Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Президенттер екі ел ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады, — деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Өзбекстанмен көпжақты байланыстарды кеңейтуге мүдделілік танытты.
Шавкат Мирзиеев 1957 жылы 24 шілдеде туған.