Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды, — делінген Президенттің ресми сайтында жарияланған құжатта.
Оған дейін Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін Парламент Сенатының депутаты Сәуле Айтпаева және 2016-2018 жылдары Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева атқарған еді.
Мемлекет басшысының өкімімен Сәуле Айтпаева қызметінен босатылды.
Аружан Саин 1976 жылы Қызылордада туған. Қоғам қайраткері, тележүргізуші, актриса, продюсер, қайырымдылық қорының басшысы.