Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын республикалық штабқа кімдер мүше болды?

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының құрамына 200-ге жуық адам енді. Бұл туралы штабтың ресми ашылуында Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты.

Штаб құрамына 187 адам енді, олар — танымал қоғам қайраткерлері. Штабқа кірген адамдарды атағым келеді. Штаб жұмысына сайыстарда еліміздің даңқын асқақтатып жүрген белгілі спортшылар қосылды, олардың арасында Жақсылық Үшкемпіров, Александр Винокуров, Айбек Нұғымаров, Әлия Юсупова, Қанат Ислам, Динара Сәдуақасова бар. Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен Аружан Саин, Динара Зәкиева, Вера Ким және басқалар келісімін берді. Штабқа Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Мейрамбек Бесбаев, Самал Еслямова сияқты артистер енді, — деді Мәулен Әшімбаев.

Штабқа Мұхтар Алтынбаев, Иван Сауэр, Юрия Пя, Майра Мұхамедқызы, Қыдырәлі Болманов, Тамара Асарлар да енді. Республикалық қоғамдық штаб Nur Otan партиясының орталық аппаратының ғимаратында орналасқан.

Республика бойынша 17 өңірлік, 210 қалалық және аудандық қоғамдық штаб жұмыс істейді, барлығы — 6 мыңға жуық адам. Сайлауда президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19,5 мың сенімді өкілі болады.

Президент сайлауы 9 маусымда өтеді.

ДереккөзZakon.kz