Семейде домбыра күні дүниеге келген сәбиге ұлттық инструментті сыйлады

Жыл сайын Семейде Ұлттық домбыра күні кеңінен аталып өтеді. Мейрам қарсаңында перинатал орталықта дүниеге келген сәбиге қалалық Достық үйінің атынан ұлттық аспап сыйға тартылды.

Төртінші баласын дүниеге әкелген сәбидің анасын шын жүректен құттықтап, домбыра күніне орай ұлттық аспапты сыйлаймыз, — деді қалалық Достық үйінің басшысы Надежда Шарова.

Қуаныш иесі Жарма ауданы Шар қаласының тұрғыны — Альмира Рахметжанова. Ол сәбиінің есімін Заңғар деп қойды. Альмира баласының дәл мереке күні дүниеге келетінін күтпегенін айтты.

Домбыра күні дүниеге келген балама «Музыкант болсын» деп көбі ыстық лебізін айтып жатыр, қуаныштымын. Алайда ұлымның есімін болашақта әділ сот төрағасы болсын деп ырымдап, Заңғар деп қойдық, — деді Альмира Рахметжанова.

Перинатал орталықтың ұжымы да сәбиге баланың төсегін сыйлады.

Мерекелік шара «Бейбітшілік» алаңында жалғасын тапты. 200-ге жуық домбырашы 7 танымал күйді орындап, халықты тәнтті етті. Қала тұрғындары Абай мен Құрманғазының шығармаларын тыңдап қоймай, мастер-классқа қатысты, музыкалық аспаптардың көрмесін тамашалады.

Кеш Ертістің оң жағалауында «ЯРКОкросс», Асық party, Домбыра party жастар марафонымен аяқталды.