Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Елімізде соғыс ардагерлері қанша зейнетақы алады?

Ағабек Артықбаев. Фото: Baribar.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда өмір сүріп жатқан соғыс ардагерлерінің ай сайын неше теңге зейнетақы алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша соғысқа қатысқан адамдарға ай сайын орта есеппен шамамен 290 мың теңге зейнетақы төленеді. Ал соғыс кезеңінде мүгедектік алған азаматтар үшін бұл көрсеткіш 300 мың теңгеден астам сома, — делінген хабарламада.

Қаржылай көмектен бөлек, ардагерлер мемлекет есебінен шипажайға тегін барып, ауруханаға тегін қаралады. Сонымен қатар мемлекет оларға тұрғын үй беріп, тегін дәрі-дәрмек, азық-түлік таратады.