Қазақстанда көлікке жасыл түсті нөмір тағуға болады

Не болды?

Елімізде көлікке жасыл түсті нөмір тағуға болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

6 мамырда өткен мәжіліс отырысында депутат Арман Қалықов электромобиль көліктерге бөлек мемлекеттік нөмір тағуды ұсынды. Депутанның сөзіне қарағанда, камера мен техникалық бақылау құралдары электромобильдер мен қарапайым бензин немесе газбен жүретін көліктерді ажырата алмайды.

Бұл ақылы автотұраққа, көлікті қуаттау бекетіне, қоршалған табиғи аумаққа, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің жұмысына қатысты, — дейді депутат Арман Қалықов.

Электромобильдерге бөлек мемлекеттік нөмір тағуды ішкі істер министрлігі қолдады.

Әлемде басым бөлігі электромобильдерге жасыл түсті нөмір бекіткен. Біз бұл бастаманы қолдаймыз, – деп жауап берді ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов.

Контекст

Естеріңізге салайық, енді көлікке жалған нөмір таққан азаматтарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.