Семейде Open air-2019 жастар фестивалі өтті

Фестиваль аясында Домбыра party ұйымдастырылып, училище студенттері өнерлерін көрсетті.

Фестиваль
Фото: Семейдің ақпарат орталығы

Семейде Астана күні мен Жастар жылына орай және Ұлттық домбыра күні аясында Open air-2019 жастар фестивалі өтті.

Шара бірнеше бағытты қамтыды. Қатысушылар Ертістің оң жағалауынан 750 метр қашықтықта шашылған 200 келі түрлі-түсті бояу шеруінде жүгіріп өтті.  Сонымен қатар, Домбыра party, Асық party, Urban Dance, Water party, Street Workout алаңдары ұйымдастырылып, мерекелік концерт өтті.

Семей ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен  және “Шығыс Жастары” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жастар фестивалі өтіп жатыр. Фестиваль аясында Яркокросс, Домбыра Party, Асық Party Urban Dance, Water party алаңдарымен бірге танымал жұлдыздардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып жатыр. Қатысушыларға 1000-нан астам тегін балмұздақ пен 1500-ге жуық сусын таратылды, – деді “Шығыс Жастары” қоғамдық қорының атқарушы директоры Айдос Төлеуханов.

Шара барысында фестивальге қатысушыларға арнайы нөмір беріліп, ұтыс ойындары ойнатылды.

Біз Ұлттық домбыра күнін екінші мәрте тойлап жатырмыз. Фестиваль аясында Домбыра party ұйымдастырылып, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студенттері өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Халқымыздың үні – Домбыра күні құтты болсын, – деді домбырашы Айжан Салиева.

Фестивальге жалпы 2000-ға жуық қала тұрғыны қатысты.