15 шілде күні Moody’s Investors Service (Moody’s) халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank В3 депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингті В1-ге, рейтинг болжамы «Тұрақты» деңгейіне дейін көтергені туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Рейтингтің артуы — банктің кірісі мен соңғы екі жылдағы қаржы тұрақтылығының жақсарғанын көрсетеді. Банк табысының артуының негізгі себептеріне тоқталсақ, ол оның бизнесінің өсуі, шығыстарды ұстап қалу, ұзақ жыл бойы келе жатқан берешекті қайтару және комиссия алымдарын арттыру жұмысын тиімді жүргізудің нәтижесі деп айтар едік. 2019 жылдың 1 маусымындағы мәлімет бойынша ForteBank — активтерінің көлемі жөнінен нарықтық үлесі 8% болатын Қазақстандағы екінші ірі банк, — деді Moody’s сарапшылары.
ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвилидің айтуынша, бұл — банктің ірі жетістігінің бірі.
ForteBank қаржы және операция бойынша оң нәтижелерге қол жеткізуді жалғастырып келеді. Банк — елдегі жоғары капиталдандырылған, ең өтімді және инновациялық банктердің бірі. 1 маусымда банк активтерінің көлемі 1 897 миллиард теңге болды. Жыл басынан бері 120 миллиард теңгеге (+7%) өсті. Маусым айында S&P Global Ratings ForteBank рейтингтерін «В» — ден «В+» — ке дейін көтерді. Бұл да — біз үшін үлкен жетістіктің бірі. Рейтингтердің кезекті жақсаруы — Қазақстандағы ForteBank-тің нарықтағы позициясының күшейгенінің дәлелі. Біз осы бағыттан танбай, тұтынушыларымызға сапалы қызмет көрсетуді жалғастыра береміз, – деді басқарма төрағасы.