Азия даму банкі мен ForteBank кәсіпкерлікті дамытуға 31 миллиард теңге жұмсамақ

Азия даму банкі ForteBank-ке 31,320 миллиард теңге көлемінде қарыз берді. Бұл қаражатты қаржы институты 2019 жылдың 2 қарашасына дейін игеріп, кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағыттайды. Несиенің мақсаты — негізгі құралдарды сатып алу және жаңғырту, сонымен бірге айналым қаражатын толықтыру.

ForteBank
Гурам Андроникашвили. Фото ForteBank баспасөз қызметінен

Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту — ForteBank үшін маңызды бағыттардың бірі. Бүгінде біз Даму, сонымен бірге Еуропа қайта құру және даму банкімен табысты ынтымақтастықта жұмыс істейміз және бұл жұмысты Азия даму банкімен қаржыландыру бойынша жалғастыратынымызға қуаныштымыз. Бұл қаржы ұйымдары бірнеше онжылдықтың өзінде көптеген банк үшін сенімді әрі білікті серіктес бола отырып, өңір экономикасының өсуіне серпін берді, — деді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Бағдарлама бойынша қарыздар жылдық 12,5%-дан бастап сыйақы мөлшерлемесімен 1 миллиард теңгеге дейінгі сомаға беріледі. Мерзімі 84 айға дейін, несие желісі аралас болуы мүмкін. Егер бағдарлама барысында қаржыландыру Азия даму банкінің қаражатының есебінен жүрсе, онда ол аяқталғаннан кейін тұтынушыларды ForteBank тікелей қолдайды.

«Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша басым секторлар шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау маңызды басымдыққа ие болады. Бірінші кезекте бұл өңдеу өнеркәсібі, металлургия, өндірістің әртүрлі саласындағы жобаларға жатады.