Мақтаралдағы мақта теру науқаны (фото)

Мақта теру науқаны

Есентаев ауылындағы мақтаны теру үшін Өзбекстанның 20-35 жас аралығындағы 14 азамат жұмылдырылған. Олардың әрқайсысы күніне 150 килограмм мақта жинап, әр килограммы үшін 20 теңге алады.

Мақта теру науқаны

Өзбекстандық мигрант мақта толтырған қабын көтеріп келеді.

Мақта теру науқаны

Өзбекстандық Сухроб 24 жаста. Ол күніне 250-300 килограмм мақта жинайды.

Мақта теру науқаны

Өзбекстандық мигрант терілген мақтасын өлшетуге әкетіп барады.

Мақта теру науқаны

Жұмысшылардың көбі ашық күннің астында аузы-мұрнына шаң кірмес үшін шытпен байлап жұмыс істейді. Мақталарды өлшеп болған соң жүк көлігіне салып, қабылдау бекетіне жеткізеді.

Мақта теру науқаны

28 жасар Назираның айтуынша, күн көріс үшін Қазақстанға келу оңай шаруа емес. Қазақ-өзбек шекарасынан өту үшін сағаттап кезекке тұру керек.

Мақта теру науқаны

Түскі үзіліс.

Мақта теру науқаны

Жиналған мақтаны қабылдау бекетіне жеткізеді.

Мақта қабылдау орталығы

Мақта қабылдау бекеті.