Алыстағы ауылдарда ұялы байланыс неге дұрыс істемейді?

Депутат үялы байланыс желілерін дамыту арқылы бюджет шығындарын барынша азайтуды ұсынып, осы мәселе бойынша ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың жауап беруін сұрады.

«Қазіргі кезде біз ұялы операторларға субсидияны не үшін бөліп отырмыз? Бұл жерде бір мәселені түсініп алу қажет, ұялы байланыс операторларының шығындары тек 500+ (абоненттердің саны-авт) көрсеткіші бар елді мекендерде ғана ақталады. Ал 50+ көрсеткіші бар ауылдарға олар барғысы келмейді. Сол себепті біз қосымша субсидия беріп, ондай ауылдарды ұялы байланыспен қамтамасыз етуге тырысып келеміз» , — дейді Д.Абаев.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде ауылдарға кең жолақты ғаламтор тарту бағдарламасы аясында да бұл мәселені шешу жұмыстары атқарылып жатыр. Министрлік ұялы байланыс опареторларының шығындарын ақтау көрсеткішін көтеруді көздейді. Соның арқасында субсидиялардың көлемін азайтуға болады.

Дереккөзbaq.kz