4 шілдеде ауа райы қандай болады?

4 шілдеде елімізде ауа райы құбылмалы болып, найзағай ойнайды, бұршақ аралас жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте, шығыста шаңды дауыл тұрады.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел күшейеді, бұршақ жауады, Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Алматы облысында найзағай ойнайды, 17-22 м/с жел соғады. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады, жел екпіні 25 м/с-ке күшейеді. Қостанай облысында тұман түседі, 18-20 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауады, 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады. Павлодар облысында 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында дала өрті қаупі күшейеді. Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы аумағында тау өзендерінің деңгейі көтеріледі.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да