Еліміздің көп бөлігінде бұршақ аралас жаңбыр жауады

Солтүстік-батыста және солтүстікте нөсер жауып, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, тек республиканың оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрады, бұршақ аралас жаңбыр жауады, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан да күшті жел соғады.

Қостанай, Түркістан облыстарында дауыл тұрады, бұршақ аралас жаңбыр жауады, екпіні 23 м/с-ке дейін жететін жел соғады. Алматы, Жамбыл облыстарында 15-22 м/с жел соғып, дауыл тұрады. Қарағанды облысында жел екпіні 25 м/с-ке жетеді, бұршақ жаууы ықтимал. Атырау облысында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады. Қызылорда облысында 23-28 м/с жел соғып, дауыл тұрады. Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.