Арыста 5700-ден аса снаряд табылды

Арыс көшелерінде 5700-ден аса жауынгерлік снаряд табылды. Бұл туралы Түркістан облысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

2019 жылдың 27 маусымында төтенше жағдай орын алған жерде қауіп-қатерді сейілту үшін Ішкі істер министрлігінен 1488 қызметкер мен 189 техника құралы жұмыс істеп, снарядтарды 43 сапер тобы іздестіріп жатыр. Топта 408 адам бар. Олар Арыс аумағында жарылмаған снарядтарды іздеу жұмыстарын да қолға алды. Сонымен бірге теміржол бекеттері мен әскери бөлімдер де тексеріліп жатыр.

Мамандар табылған снарядтарды арнайы техникамен эвакуациялауға дайындап жатыр. Эвакуациялық бекеттерде 13 187 адам бар. Оның ішінде: Шымкентте — 7249 адам, Түркістан облысында — 5938 адам. Жедел штабтарда қауырт желісі жұмыс істейді. Желіге 15 мың 927 адам хабарласқан.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медициналық көмекке 277 адам жүгінді, оның 74-і ауруханаға жатқызылған. Үш адам қаза тапқан.

«Инженерлік техниканың көмегімен Арыстың 16 жер телімі, барлық көше мен  темір жолдың 11 шақырымы тазаланды. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі жеке және тұрғын үйлерде тазалау жұмыстарын жүргізді». — деді ведомствоның баспасөз өкілдері.

24 маусымда Арыстағы әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болып, қала түгел эвакуацияланған. Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты.

ДереккөзТengrinews.kz