Арыс аумағында дезинфекция жүргізіліп жатыр

Арыстағы төтенше жағдайға байланысты қала аумағында дезинфекция жұмыстары басталды.  Қаланы тазалауға Жамбыл және Қызылорда облыстарынан мамандар келді.

Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, олар өздеріне бөлінген аумақты тазартқанша бірнеше күн жұмыс істейді.

Жамбыл облысынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінен және өзге де залалсыздандыру орталықтарынан жалпы саны 30-ға жуық маман келді. Ал Қызылорда облысынан ұлттық сараптама орталығының осы өңірдегі филиалынан 17 маман келсе,  өзге де осы салаға жауапты мамандар залалсыздандыру жұмыстарын бастап кетті. Бұл бригаданың бәрі техникамен, қажет құрал-жабдықпен қамтылған, — деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінің мамандары.

24 маусымда Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында бірнеше жарылыс болып, қала түгелімен эвакуацияланған. Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты.