Қазақстанда автокөлік тіркеудің жаңа тәртібі күшіне енді

Жаңа тәртіп  бір қалада тіркеуде тұрып, басқа қалада жұмыс істейтіндер үшін ыңғайлы. Өйткені, машина сатып алған соң оны тіркеу үшін  ары-бері жүру қажет емес.

Бұдан былай әрбір азамат қай жерде тіркеуде тұрғанына қарамай, көлікті сатып алған қаласында тіркеуіне болады. Егер сіз Алматыда тіркеліп, машинаны Шымкентте сатып алсаңыз, сізге транзиттік нөмір алу қажет емес. Көлікті Шымкентте тіркей аласыз. Ол үшін сізге автокөлік иелеріне арналған арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе әкімшілік полицияның облыстық тіркеу пункттеріне бару керек.

Жаңа тәртіп Қазақстанда тіркелген жеке және заңдық тұлғалардың бәріне ортақ.