Ranking.kz зерттеуі бойынша, осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстаннан 8,4 мың адам кеткен. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 22%-ға артық. Ал елге келгендер саны — 3,2 мың. Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 8,4%-ға артық.
Сыртқы көші-қонның теріс сальдосы 3,4 мыңнан 5,2 мың адамға дейін артты.
Қазақстанды көбіне қала тұрғындары тастап кеткен. Үш айда олардың саны 7,1 мың адамға жетті.
Қалаларға 1,8 мыңнан астам адам келді. Бұл 5,3 мың адамға теріс сальдоны көрсетті.
Ал ауылдан 1,2 мыңнан астам адам кетіп, 1,3 мыңнан астам адам келген. Ауылдық жерлерде сыртқы көші-қон сальдосы 112 адамға жетті.
16 жастан бастап зейнеткер жасқа дейінгі адамдарда жас топтары бойынша халықтың сыртқы көші-қонының ең үлкен теріс сальдосы — 3,7 мың адам. 15 жасқа дейінгі балалар бойынша теріс сальдо — 1,4 мың адам, зейнеткерлер бойынша 27 адам.