Алматылық зейнеткерлер цифрлық сауаттылығын арттырды

Алматыдағы Қазақ бас сәулет құрылыс академиясында компьютерлік сауаттылық курстарынан өткен бір топ Бостандық ауданы зейнеткерлеріне сертификаттар берілді.

Компьютерлік курстарды осы ЖОО ерікті студенттері жүргізді.

Бұл — үлкен құрмет, олар үшін заманауи технологияны, компьютерді үйреніп білу ерен еңбек, себебі жасөспірімдерге қарағанда техниканың қыр сырын, тілін үйрену әлдеқайда қиынға соғады, — дейді үйретуші еріктілер.

Сертификатты ИҚБИ директоры З.Т. Аймағамбетова тапсырды.

Ол тыңдаушыларды жетістіктерімен құттықтап, енді үйде отырып-ақ әртүрлі мемлекеттік қызметті алуға, әлеуметтік желілерде достарымен және туыстарымен байланысуға, қаржы-несие мекемелерінің қызметтерін пайдалануға, яғни алған білімдері күнделікті өмірде жұмсауға сенім білдірді. Онлайн мұражайлар, көрмелер көріп, электрондық пошта арқылы фото және бейне материалдарды жіберіп, өңдей алатындарын айтты.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру міндеттелген еді.

Бостандық ауданында мұндай курстардың ашылғанына біршама уақыт болды. Курстар Алматы әкімдігінің бастамасымен «Активное долголетие», «Белсенді ұзақ өмір» жобасы аясында өтті.